Биыл Қостанайда 4 мыңнан астам пәтер салынады

16 Маусым 2023, 18:53
658
Бөлісу:
Биыл Қостанайда 4 мыңнан астам пәтер салынады
Фото: Артём Чурсинов - Архив

Қостанайда биыл 4 мыңнан астам пәтер салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, өңірдетұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді.

Жыл басынан бері 175 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 1500-ден астам отбасы баспаналы болды. Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша өсім 3,5%-ды құрады. Жыл соңына дейін барлығы 500,0 мың шаршы метрге дейін дейін тұрғын үй, яғни 4 мыңнан астам пәтер салынады. Құрылыс тек облыс орталығы мен қалаларда ғана емес, сонымен қатар аудандарда да жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті өңір басшысы.

Сонымен қатар әкім бұл мақсатқа қанша қаржы бөлінгенін айтты.

Бұл мақсатқа 28,6% өсіммен 27 млрд теңге бөлінді. Кезекте тұрған халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін биыл 200 пәтерді сатып алуға 2,3 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ өңірімізде «Қостанай жастары» бағдарламасы іске асырылып жатқанын атап өткім келеді. Биыл қаржыландыру сомасын 3 есеге арттырдық. Қазіргі таңда 2,1 млрд теңге бөлінді. Кем дегенде 140 жастарды қамту жоспарланып отыр, - деді Құмар Ақсақалов.

Өзгелердің жаңалығы