Биыл Қазақстан Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына төрағалық етеді

19 Маусым 2023, 10:40
1346
Бөлісу:
Биыл Қазақстан Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына төрағалық етеді
Фото: Артём Чурсинов

2023 жылы Қазақстан Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына төрағалық етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанада Қазақстанның төрағалығы аясында БҰҰ қолдауымен Орталық Азия елдері әйелдері диалогының бірінші отырысы өтіп жатыр. Жиында Қазақстанның Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына төрағалығының ресми ашылуы өтті.

Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның мүшелері, Қазақстан, Түркіменстан, Өзбекстан парламенттері палаталарының спикерлері, Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген парламентшілер, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері қатысып жатыр.

Жиында Қазақстан Республикасының Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына төрағалығы ресми басталады.

Қатысушылар диалогтың 2023 жылға арналған мақсаттары мен міндеттерін айқындайды, жылдық жұмыс жоспарын талқылайды және бекітеді. Сонымен қатар Ұлттық комиссия ұйымдастырған «Әйелдердің жаңа технологиялар мен инновацияларды дамытудағы рөлі» тақырыбында тақырыптық сессиясы өтеді.

Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы – өңірдегі әйел парламентшілері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған бейресми алаң.

Диалог 2020 жылғы желтоқсанында ресми түрде өз жұмысын бастаған. Осыған дейін диалогқа Өзбекстан (2021 жылы) және Түрікменстан (2022 жылы) төрағалық етті. Диалог БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивтік дипломатия жөніндегі өңірлік орталығы (ОАПДӨО), БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) және «БҰҰ-әйелдер» құрылымының қолдауымен құрылды және қызмет етіп келеді.

Өзгелердің жаңалығы