Биыл қандастар ҰБТ-ны елге келіп тапсырады

6 Мамыр 2022, 09:38
1683
Бөлісу:
Биыл қандастар ҰБТ-ны елге келіп тапсырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы биыл қандастар ұлттық бірыңғай тестілеуді қалай тапсыратынын түсіндірді. 

ҰБТ биыл 16 мамыр - 5 шілде аралығында өтеді. 

ҰБТ тапсыруға тіркелу үшін 14 мамырға дейін орталықтың сайтында өтініш толтыру керек. 

Осы жылы қандастар ҰБТ-ны Қазақстанға келіп, офлайн форматта тапсырады. 

Тапсырудың I кезеңі – 2022 жылғы 25 мамыр / 27 мамыр / 30 мамыр. 

2 маусым / 7 маусым / 10 маусым / 25 маусым. 

Мектеп бітіруші түлек осы күндердің бірін таңдаған соң Қазақстанға келіп ҰБТ тапсырады.

Өзгелердің жаңалығы