Биыл Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің қатары екі мыңға артты

6 Тамыз 2019, 22:35
1276
Бөлісу:
Биыл Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің қатары екі мыңға артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда облыста 46 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істеуде. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Айдос Сәкенов 1 шілдедегі жағдай бойынша 46 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлікте 133 мыңнан астам адам жұмыс істеуде екенін айтты.

«1 жартыжылдықта жұмыс істеп жатқан шағын және орта бизнес субъектілерінің оң динамикасы байқалады. Олардың қатары 2 мың бірлікке немесе 5,4 пайызға өсті. Оған қоса, кәсіпкерлік белсенділік 2% құрады», - деді Айдос Сәкенов.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке салықтық түсімдер көлемі артты. Жалпы, шағын және орта бизнестен түсетін салық өңірдегі салық түсімінің ширек бөлігін құрайды. Өткен жылы аталған бағыттан 62,8 млрд теңге салық түскен.

Қазіргі уақытта шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында өңірде «Бизнестің жол картасы 2020», «Қарапайым заттар экономикасы», Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің «Еңбек» бағдарламасы атты үш негізгі бағдарлама жүзеге асуда.

Өзгелердің жаңалығы