Биыл пара беру бойынша істер көбейді – Бекайдаров

23 Сәуір 2021, 15:52
2090
Бөлісу:
Биыл пара беру бойынша істер көбейді – Бекайдаров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты.

Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік 779 сотқа дейін іс тіркелді. 770 лауазымды тұлға ұсталып, 65 тұлға қамауға алынды. 15 тұлға үйқамақта отыр. Биыл пара беру бойынша істер көбейген. Бұл мемлекеттік қызметкерлер тарапынан болған қоңырауларға қатысты болып отыр. Осы жылы 260 тұлға сотталды. 50 адам пара алғаны үшін, 130 пара бергені үшін сотталды. Бас бостандағынан 72 адам айырылды, - деді Бекайдаров.

Оның айтуынша, қосымша 300 адам жазаланды.

Биылғы 3 айда Антикор мемлекеттік органдарға қылмыстық бұзушылықтың алдын алатын 263 ұсыныс енгізді. Тәртіптік-әкімшілік жауапкершілікке 153 адам тартылды. Заңның бұзушылығына жол берген 85 әртүрлі саланың жетекшісі тәртіптік жаза алды. Біздің негізгі мақсатымыз – елдің гүлденуіне әсер ететін жемқорлық деңгейін төмендету, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы