Биыл өңірлердің дамуына қазынадан 5,5 трлн теңге бөлінген

14 Шілде 2022, 12:59
1253
Бөлісу:
Биыл өңірлердің дамуына қазынадан 5,5 трлн теңге бөлінген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. 

Айтуынша, экспорттаушыларды қолдау бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. 

Жыл басынан бері 325 компанияға қаржылай және қаржылық емес қолдау шаралары көрсетілді. Биыл экспорттық акселерация бағдарламасына қатысу үшін қосымша 190 кәсіпорын таңдап алынды. Қазіргі уақытта оларды мақсатты сыртқы нарықтарға шығару бойынша жұмыс атқарылуда. 70-тен астам компания халықаралық электронды алаңдарға шығарылуда, - деп атап өтті Әлихан Смайылов. 

Сонымен қатар 2022 жылы қазынадан өңірлерді дамыту үшін қанша қаражат бөлінгеніне тоқталды. 

Биыл өңірлердің дамуына республикалық бюджеттен 5,5 трлн теңге бөлінді. Бұл жалпы шығындардың 30%-ын құрайды. Қаражат негізінен білім беру, тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік көмек пен қамсыздандыру, жол салу, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм салаларына бағытталған, - деді Әлихан Смайылов. 

Еске сала кетейік, бүгін елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өткен болатын. 

Өзгелердің жаңалығы