Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жоспар импорттық кеден бажы, корпоративтік табыс салығы және шикі мұнайға салынатын экспорттық кеден бажы бойынша орындалмады. Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 2022 жылдың 10 айында 615 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33 пайызға азаюына байланысты, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Айтуынша, жоспардың орындалмауына теңгенің валютаға шаққандағы бағамының өзгеруі себеп болған.
Шикі мұнайға салынатын экспорттық кеден бажы бойынша жоспардың орындалмауы нақты қалыптасқан экспорттық кеден бажы мөлшерлемесінің болжамды көрсеткіштен аз болуымен және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы жоспарланған бағамының өзгеруімен байланысты, - деді Қаржы министрі.
Сонымен қатар ол өңірлердің қазынасына қанша қаржы түскеніне тоқталып өтті.
Жергілікті бюджеттердің кірістері 108,5 пайызға атқарылды және 4 трлн теңгені құрады. Жоспар 316 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша 274 млрд теңгеге асыра орындалды. Кірістер бойынша жоспарлар Маңғыстау облысын қоспағанда, барлық өңірлерде асыра орындалды, - деді Ерұлан Жамаубаев.