Биыл Нұр-Сұлтанда қай елді мекендер газдандырылады

19 Тамыз 2021, 21:05
7238
Бөлісу:
Биыл Нұр-Сұлтанда қай елді мекендер газдандырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында биылғы жылыту маусымында қаланың жеті елді мекенінің тұрғындары газға қосыла алатынын мәлім етті.

Жылыту маусымының басталуына аз уақыт қалды. Елордада жылыту маусымы шамамен 7 айға созылатынын ескерсек, газдандыру жұмысы қала тұрғындарының өмір сүруін едәуір жақсартады.

Биыл Нұр-Сұлтанда қай елді мекендер газдандырылады

Биылғы жылыту маусымында қаланың тағы жеті елді мекенінің газға қосылу мүмкіндігі бар. Олар: Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Көктал-1, Агроқалашық (2020 жылы қосылмаған бөлік). Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуде. «Қазақауыл» (Қараөткел) шағын ауданы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, - деді Көлгінов.

Оның сөзінше, осылайша жүйелі негізде газ тарату желілерін салу бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Биыл тағы 317 км газ тарату желісін саламыз, оның 240 км астамы салынды.

Биыл Нұр-Сұлтанда қай елді мекендер газдандырылады

Өткен жылыту маусымында Теміржолшылар, Көктал-2, Агроқалашықтың бір бөлігінің тұрғындары газға қосылу мүмкіндігін алды. 345 км кварталішілік газбен жабдықтау желілерін салдық. Газдандыру – Елбасының ауқымды жобасы. Бұл жоба қала экологиясын жақсартуға, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Себебі үйлерді көмірмен жылытудың қажеті жоқ, сондай-ақ қауіпсіздік артады. Газдандыру процесі Мемлекет басшысының бақылауында, - деп жазды елорда әкімі.

Өзгелердің жаңалығы