Биыл Қарағанды облысының 900-ден астам кезекте тұрғандары қоныс тойын өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысы бойынша 2023 жылы 900-ден астам кезекте тұрғандарды, оның ішінде 199 көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. 400 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.
8 ай ішінде құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының атқарған жұмыстары туралы өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте ведомство басшысы Мұрат Мағзин есеп берді.
2023 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Қарағанды облысы бойынша "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы аясында барлық қаржыландыру көздері есебінен 282,712 мың шаршы метр немесе өткен жылдың деңгейіне 100,4% пайдалануға берілді, – деп атап өтті спикер.
Биыл төрт жалдамалы тұрғын үй салынды және пайдалануға берілді: Шахтинск қаласында 60 пәтер, Абайда 80 пәтер, Шет ауданы Ағадыр кентінде екі 12 пәтер.
Кезекте тұрған 346 адам үшін республикалық бюджеттен дайын жалға берілетін тұрғын үйді сатып алуға қаражат бөлінді.
"Отбасы банкі" салымшылары үшін кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша 8 жоба іске асырылуда.
ЖТҚ және ЖТҚ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы жүріп жатыр. Нәтижесінде желілер 805 жер учаскесіне жеткізіледі.