Биыл Маңғыстауда 5 мыңға жуық азамат әскерге шақыру учаскелеріне тіркеледі

28 Қаңтар 2021, 19:15
1368
Бөлісу:
Биыл Маңғыстауда 5 мыңға жуық азамат әскерге шақыру учаскелеріне тіркеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының жергілікті әскери басқару органдары 2004 жылы туған ер азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады облыстың қоғамдық коммуникациялар орталығы.

2021 жылы 5 мыңға жуық азаматты әскерге шақыру учаскелеріне тіркейді. Аталған жұмыстар барлық санитарлық талапты сақтай отырып ұйымдастырылды, - деді Маңғыстау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті Жасақтау басқармасы мерзімді әскери қызметке шақыру бөлімінің басшысы Жасұлан Құрақов.

Оның айтуынша, азаматтарды əскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жəне медициналық куəландыру Қорғаныс министрлігі бекітетін әскери міндеттілер мен əскерге шақырылушыларды əскери есепке алу қағидаларына жəне Қарулы Күштерде əскери-дəрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сəйкес жүреді.

Сондай-ақ азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде әскери қызметке жарамдылық дәрежесін белгілеу үшін арнайы тәртіппен медициналық комиссиядан өтеді. Медициналық тексерістен өткен азаматтар тіркеу жөніндегі комиссия шешімімен әскери есепке қабылданады, - деді Жасұлан Құрақов.

 


Өзгелердің жаңалығы