Биыл Маңғыстауда 160 шақырымнан астам жол жаңартылды

26 Қазан 2021, 20:56
14868
Бөлісу:
Биыл Маңғыстауда 160 шақырымнан астам жол жаңартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл өңірде 14 автожол жобасы іске асырылуда. Жұмыстармен облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 161,5 шақырымы қамтылған. Бүгінге дейін соның  29 шақырымы жаңартылған.

Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 129 шақырым болатын 6 жолдың реконструкциясы іске асырылуда. Бұл облыстық және аудандық маңызы бар "Ақтау-Форт-Шевченко", "Хонда орталығынан Өмірзақ кентіне дейінгі жол", "Жыңғылды-Шайыр-Шерқала жері", "Шетпе – Қызан" автожолдары және Басқұдық ауылының айналасындағы автожол. Мұнда жер төсемін орнату және асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, ұзындығы 32,5 шақырым болатын жергілікті желі учаскелерін орташа жөндеу бойынша 7 жоба жүзеге асырылуда: облыстық маңызы бар "С. Шапағатов ауылы - әуежай" автожолы және аудандық маңызы бар "Жаңаөзен әуежайына кіреберіс", "Жоғарғы Мұнайшы кентіне кіреберіс", "Жаңаөзен – Құланды", "Маңғышлақ ст.-Карьер-400", "Шайыр кентіне кіреберіс", "Қызылөзен ауылына кіреберіс" жолдары.

Маңғыстау облысындағы жергілікті желі жолдарының ұзындығы 1 942 шақырымды құрайды. Соның  94%-ы нормативтік жағдайда. Жыл қорытындысы бойынша аталған көрсеткішті  95%-ға жеткізу көзделген.

Өзгелердің жаңалығы