Биыл колледждерге бөлінетін грант саны 45 мыңға артады

6 Сәуір 2022, 15:48
1831
Бөлісу:
Биыл колледждерге бөлінетін грант саны 45 мыңға артады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова биыл грант саны 45 мыңға артатынын айтты.

Ол бүгінгі тақырып Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға бағытталған техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы жаңалықтарға арналып отырғанын атап өтті.

Жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен 100% қамту үшін мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылады. Биыл республикалық бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс 45 мың орынға артады. Сонымен қатар әкімдіктер мемлекеттік тапсырыс бойынша 80 мың орынды жоспарлап отыр. Жалпы колледждерде тегін білім алуға 125 мың орын беріледі, – деп атты Оспанов.

Оның сөзінше, Президенттің техникалық және кәсіптік білім беруді қайта қарауға қатысты тапсырмасы бар. Осыған орай, 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыстың 70%-ы техникалық мамандықтарға беріледі. Қазіргі уақыттар олар 45%-ды құрайды. 

Атап айтқанда, металлургия, IT, құрылыс, инженерия, машина жасау мамандықтары. Бүгінгі таңда облыстарда комиссиялар өңірлік еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін жасақтап жатыр. Сондай-ақ осы мамандықтар бойынша орын сандарын бекітеді. 30 сәуірден бастап білім басқармалары мемлекеттік тапсырыс бөлінген мамандықтар туралы ақпаратты ресми сайттарында орналастырады, - деп түсіндірді Насымжан Оспанова ОКҚ-да.

Өзгелердің жаңалығы