Биыл колледждерде грант саны 20 мыңға көбейеді

1 Ақпан 2022, 10:46
1496
Бөлісу:
Биыл колледждерде грант саны 20 мыңға көбейеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Түлектерді мамандықпен қамту үшін биыл мемлекеттік тапсырыс саны 20 мың орынға көбейеді.  Жұмыс берушілер қажетті сапалы мамандар дайындау үшін оқу бағдарламаларын жасауға және колледждерді басқару жұмысына Қамқоршылық және индустриялық кеңестерге кіре отырып тартылады, - деп атап өтті ол.

Министрдің сөзінше, ірі кәсіпорындар салалық колледждерді қамқоршылыққа алады, осындай кәсіпорындар биылғы жылы 100-ге жеткізіледі. 

Кадрлар даярлауда колледждерге толық академиялық дербестік беріледі. Колледждердің оқу бағдарламалары жұмыс берушілермен келісіліп, жұмыс беруші тарапынан сараптамадан өткізіледі. Кадрларды жұмыс берушілермен бірге дайындау үшін біз биыл алғаш рет пилоттық режимде кәсіпорындардың өзіне мемлекеттік тапсырысты береміз, - деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

Айтуынша, талапкерлерді алдын ала жұмысқа алып, келісімшартқа қол қойып, қәсіпорын мен колледж бірге жұмыс істейді. 

Өзгелердің жаңалығы