Биыл Қарағанды көшелерінің біразы жөнделеді

3 Шілде 2021, 18:07
1207
Бөлісу:
Биыл Қарағанды көшелерінің біразы жөнделеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Елорда күні қарсаңында Елбасы тапсырмасы бойынша Қарағандының жас тұрғындарына арнап салынған балалар мен жасөспірімдер сарайында болды.

Бұл Тәуелсіздіктің мерейтойлық жылында жас өрендерімізге жасаған тартуымыз. Мұнда балалардың дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Сабақтарды қыркүйек айында бастау жоспарлануда. Сондай-ақ, Қарағандының жиырма төрт мұғаліміне пәтер кілттерін табыс еттік. Жалпы алғанда, биыл денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет саласының қызметкерлеріне жүзден астам ведомстволық пәтер беріледі. Бюджет қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесін шешу жұмыстары одан әрі жалғасатын болады.Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. Осы жылы облыста тұрғын үй құрылысы төрттен біріне ұлғайтылды - деді облыс басшысы.

Сондай-ақ ол жол құрылысы жұмыстарының барысын тексерді. 

Терешкова көшесінің қиылысындағы жол учаскесінде топырақ қабатын тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, су құбырлары салынды. Қажетті жұмыстар жасалған соң, шілде айының ортасына дейін асфальттің 3 қабаты төселеді. К. Маркс-Магнитогорская көшесі бойында инженерлік коммуникацияларды нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар нөсер кәрізін монтаждау, топырақты тұрақтандыру шаралары іске асырылуда. Ал Сталелитейная көшесінен Күзембаев көшесіне дейінгі учаскеде асфальттың үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде - дейді Жеңіс Қасымбек.

Ол сонымен қатар спорттық мекемелерге де барды. 

Н. Әбдіров атындағы спорт сарайында жоғары спорт шеберлігі мектебіндегі жаттығу процесімен таныстым. Мұнда Қарағанды облысының барлық жетекші спортшылары жаттығады. Ә. Молдағұлова атындағы облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында оқу және тұру үшін жасалған жағдайлармен таныстым. Мұнда 7 сыныптан бастап, 11 сыныпқа дейін 500-ден астам бала оқиды және 18 спорт түрінің қыр-сырын меңгеруде. Оқуды аяқтаған соң тәрбиеленушілер осы жерде интернат жанында жұмыс істейтін колледжде арнайы орта білім ала алады - дейді облыс әкімі.

Сонымен қатар, ол биыл облыстық онкологиялық аурухананың жаңа операциялық-реанимациялық блогының құрылысы басталғанын, жобаны келесі жылы аяқтау жоспарланып отырғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы