Биыл қанша тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалғаны белгілі болды

1 Сәуір 2021, 15:11
2693
Бөлісу:
Биыл қанша тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ тергеу бөлімінің бастығы Ермек Шүлден ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша ІІО қабылдап жатқан шаралар туралы өткен брифингте айтты.

Жыл басынан бері республикада 68 697 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыс саны 203-ті құрады, - деді ол. 

Шүлденнің айтуынша, полиция қызметкерлері арасында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық тіркелмеген. 

Статистика бойынша балалар мен қыздар деп бөлінбеген. Бізде кәмелетке толмағандардың жалпы статистикасы бар, - деді Шүлден. 

Ол тұрмыстық зорлық-зомбылық бір отбасында бірнеше мәрте қайталанған жағдайда қандай шара қабылданатынын айтты. 

Бір отбасында зорлық қылмысы қайталанса да, статистика қылмыс жасаушы адам мен оны қылмыстың қайталап жасау дерегіне қатысты жүргізіледі. Яғни бір отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталануының статистикасы жүргізілмейді, - деді ол. 

Айта кетейік, осыған дейін ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың таныстары тарапынан көрсетілетіні айтарлықтай проблема болып отырғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы