Биыл халықаралық турнир өткізіледі - Динара Сәдуақасова

24 Наурыз 2023, 16:47
1085
Бөлісу:
Биыл халықаралық турнир өткізіледі - Динара Сәдуақасова
Фото: 24.Kz

Бұл туралы шахматтан әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер, Астана қаласы шахмат федерациясының құрметті президенті Динара Сәдуақасова жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Наурыз Мемлекет басшысымен кездесуден басталды. Қасым-Жомарт Кемелұлы шахматқа, оны одан әрі дамытуға көп көңіл бөледі. Мен өз нәтижелеріммен Қазақстанда шахматты насихаттауға үлес қосып жүргенімді мақтан тұтамын. Президент мені жылдам шахматтан Әлем чемпионатының күміс медалін иеленгеніммен құттықтады. Әңгіме барысында мен атқарылған жұмыстар туралы айтып, алдағы жоспарлармен бөлістім, - деді шахматшы.

Биыл елордалық Федерациямен бірлесіп халықаралық турнир өткізілетін болады. 

Ал Atyrau Chess Festival-дің өткізілуі қазірдің өзінде жақсы дәстүрге айналуда. Біздің бастамаларымызды қолдап, жылы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Кемелұлына алғыс айтамын, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы