Биыл Еуропа кинофестивалі онлайн режимде өтеді

6 Қараша 2020, 12:18
1097
Бөлісу:
Биыл Еуропа кинофестивалі онлайн режимде өтеді

Алматы, BAQ.KZ. European Film Festival аясында 9-29 қараша аралығында үздік еуропалық кино туындылар  қазақстандық көрермендерге ұсынылады.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан Еуропа кинофестивалі  9 қарашадан бастап көрермендеріне өз есігін ашады. 20 күнге жалғасатын  фестиваль барысында Қазақстан мен Еуропа режиссерларының қатысуымен қызықты шеберлік-сағаттар мен пікірталастар өтеді.

Оған қоса биыл фестиваль онлайн режимінде өтеді, ал фильмдерді көру үшін www.festivalscope.com сайтында тіркелу қажет.

Қазақстан тұрғындары еуропалық режиссерлардың 18 фильмін тегін көре алады. Барлық фильмдер түпнұсқа тілінде және орыс тіліндегі субтитрмен көрсетіледі. Фестиваль бағдарламасын 70-ші Канн кинофестивалінде әлемдік премьерасы болған итальяндық режиссер Йонас Карпиньаноның «Чамбра» фильмі ашады, - делінген хабарламада.

Фестивальді Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдігі ұйымдастырып отыр.

Өзгелердің жаңалығы