Биыл ең көп терроризм жасалған ел анықталды

28 Қазан 2021, 10:44
2893
Бөлісу:
Биыл ең көп терроризм жасалған ел анықталды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Терроризмге қарсы  құрылымдық штаб орталығының жетекшісі Жанарбек Жанабаев Kazakhstan Security System аясында өткен республикалық конференция барысында айтты. 
 

Орталық жетекшісі әлемдегі қазіргі жағдай мен Қазақстанда терроризм тәуекелдеріне қарсы қандай жұмыс атқарылып жатқанын айтты.

Биыл 46 елде 451 терроризм актісі орындалды.  4300-ден астам адам олардың құрбаны болды. Терроризм актісі ең көп жасалған ел Ауғанстан болды, онда 141 лаңкестік тіркелді. Сирияда 45, Нигерияда 30, Сомалиде 30, Иракта 26, Конгода 24, Малиде 20, Пәкістанда 19 акт тіркелді, - деді Жанабаев. 

Ол атағандай, терроризмге жауапкершілікті әдеттегідей террорлық ұйымдар алды.

Оның ішінде ДАИШ 90, «Талибан» 55 теракт жасаған.

Жаһандық тұрғыдан ең белсендісі ДАИШ ұйымы. Бұл қозғалыстың содырлары 14 елде теракт жасаған. Олардың  алдын алу үшін 24 елде арнайы операция жүргізілді. 555 содыр ұсталып, 109-ының көзі жойылды,-деді ол. 


 

Өзгелердің жаңалығы