Биыл елордалық жұмыс істейтін жастарға тағы 1050 пәтер беріледі

22 Маусым 2021, 11:27
4005
Бөлісу:
Биыл елордалық жұмыс істейтін жастарға тағы 1050 пәтер беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов Үкімет отырысында биыл жұмыс істейтін жастарға 1 050 жалдамалы пәтер берілетінін айтты.

«Елорда жастар» бағдарламасы әзірленді. Мұндағы негізгі бағыттардың бірі – волонтерлік қызметті қолдау. Бағдарлама аясында Отбасы банкімен бірге тұрғын үй сатып алуға жеңілдікпен несиелеу механизмі әзірленді, - деп атап өтті қала әкімі.

Оның айтуынша, соңғы екі жылда жұмыс істейтін жастарға 1 400 пәтер берілді. Биыл тағы 1 050 пәтер беріледі.

Қабылданған шаралар волонтерліктің дамуына едәуір үлесін қосады. Сонымен бірге жастарды қоғамдық жұмыстарға тартуға мүмкіндік беріп келеді. Осы жылы 700-ден астам волонтерлік акция мен жоба жүзеге асырылады. Барлық жұмыс Мемлекет басшысы бекіткен «Біз біргеміз!» акциясының 7 бағыты шеңберінде жүзеге асады, - деп түсіндірді Алтай Көлгінов Үкімет отырысында.

Еске сала кетейік, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент мегаполистерінде жүзеге асырылады. Бұл бағдарламаға жұмыс істейтін, тұрақты жалақы алатын 29 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Көлгінов биыл волонтерлік бастамаларды қолдауға қосымша 20 грант бөлінгенін хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы