Биыл елордада қанша бала мектеп табалдырығын аттайды

20 Шілде 2023, 11:49
807
Бөлісу:
Биыл елордада қанша бала мектеп табалдырығын аттайды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Астана қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нариман Еламанов биыл елордада қанша бала 1-сыныпқа баратынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта қаламызда 164 мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде 100 мемлекеттік, 57 жекеменшік және 7 республикалық мектеп бар.

Елордада жыл сайын бала саны да артып келеді. Биылғы оқу жылында 236 мың бала білім алды. Биыл 27 мыңнан астам бала 1-сыныпқа қабылданады деп күтіліп отыр. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 20 мың оқушыға артты. Бұл 10 мектеп және 1 200 педагогке қажеттілікті туындатады, - деді ол.

Сөзінше, биылғы оқу жылында 15 700 орынға арналған 10 мектеп салынып, пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 90 мыңдай оқушыға арналған екіауысымды 24 мектепті жобалау басталды.

Алдағы екі жылда 100 мың оқушы орнына арналған мектеп салынады.

Өзгелердің жаңалығы