Биыл елордада қанша медицина қызметкері қандай көлемде үстемақы алғаны белгілі болды

29 Шілде 2021, 15:44
1758
Бөлісу:
Биыл елордада қанша медицина қызметкері қандай көлемде үстемақы алғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы «Әлеуметтік медициналық сақтау қоры» ҰАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының 2021 жылдың І жарты жылдығындағы қызметі туралы өткен брифингте айтты.

Елорда бойынша 2025 жылға арналған сатып алу жоспары аясында халыққа медициналық көмек көрсету үшін 26,5 млрд теңге, оның ішінде тегін кепілдендірілген медициналық көмек беру үшін 24,5 млрд теңге, медициналық сақтандыру пакеттері қызметтеріне 2,5 млрд теңге қарастырылған. Қазір елорда бойынша 108 медициналық қызметті жеткізушімен шарт жасақталған. Оның 71-і - жеке меншік клиникалар, - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Оның айтуынша, жыл өткен сайын жеке меншік медициналық қызмет көрсететін мекемелердің үлесі артуда. Бұл науқастардың таңдаудағы еркіндігін арттырады.

2011-2021 жылдары Қор амбулаторлық емхана деңгейіндегі медициналық қызметтің қолжетімділігін кеңейтіп, күндізгі стационарлық қызметті қаржыландыруды көбейтіп жатыр. ӘМСҚ коронавирус пен вирустық пневмониямен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуді жалғастырып жатыр. Елордада 2021 жылдың алғашқы жарты жылдығында індетпен күресуде аянбай еңбек еткен 27 131 медицина қызметкеріне 10,65 млрд теңге үстемақы төленді. Биылғы қаңтарда 3665 медицина қызметкеріне 1,29 млрд теңге үстемақы төленді, - деді ол.

Қабдықапаров індетпен күресу бойынша үш қауіпті топ бар екенін айтты.

Алғашқы топтағы 10 мыңнан астам қызметкерге 6,7 млрд теңге сомасында үстемақы төленді. Бұл топта бір қызметкердің үстемақысы 850 мың теңгені құрайды. Екінші топта 6555 қызметкерге 2,3 млрд теңге төленді. Оның мөлшері – 425 мың теңге. Үшінші топқа 10120 қызметкерге 1,5 млрд теңге үстемақы төленді. Үшінші топтағы қызметкерлерге айына 212 мың теңге төленеді, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы