Биыл елордада балабақшаларда 10 мыңға жуық орын ашылады

14 Наурыз 2023, 11:22
825
Бөлісу:
Биыл елордада балабақшаларда 10 мыңға жуық орын ашылады

Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Әділбаев елордада мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметі жайында ақпарат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Елордада 64 465 баланы қамтитын 457 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде 100-і мемлекеттік, 354-і жекеменшік. Бұл жекеменшік балабақшалардың 346-сы мемлекеттік тапсырыс орындайды. Қалған 3 балабақша ведомстволық, - деп айтты Серік Әділбаев.

Оның мәліметінше, мемлекеттік балабақшаларда 32 903 бала бар.

4 жастан 5 жасқа дейін 3 071 бала, 5 жастан 6 жасқа дейін 1 589 бала балабақшаға кезекте тұр. Ұсынылған деректер бойынша 2 жастан 6 жасқа дейінгі 18 093 бала кезекте, - деп түсіндірді Білім басқармасы басшысының орынбасары.

Әділбаев балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту үшін биыл қосымша 9 700 орын ашу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Сонымен қатар инклюзивті топтар ашу да өте маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы