Биыл елорда туған күні тойлана ма? Қала әкімінің орынбасары жауап берді

28 Маусым 2019, 13:12
3507
Бөлісу:
Биыл елорда туған күні тойлана ма? Қала әкімінің орынбасары жауап берді
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне арналған мерекелік іс-шаралардың бюджеті үш есеге қысқарады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде қала әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов айтты. 


"6 шілдеде ел астанасы туған күнін атап өтеді. Әрине, әлеуметтік желіде Арыстағы жарылысқа байланысты қала күнін неге биыл қоя тұрмай ма деп жазып жатқанын білемін. Бірақ 20 жыл тойлап келіп, 21 жылдығын атап өтпей қалуымыз дұрыс емес деп ойлаймын. Елорданың туған күнінде демалыс беріледі, бұл көпшілік үшін мереке. Алайда, осы жолы мерекелік іс-шаралардың саны қысқарды. Бұрын 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылып жүрсе, биыл үш есеге азайды", - дейді Ермек Каналимов.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласының туған күнін мерекелеу аясында 100-ге жуық іс-шара ұйымдастырылады. Оның 73-і тегін.

"Биылғы жылы шығыстарды оңтайландыру мақсатында Қазақстан мен Ресей жұлдыздары қатысуымен өтетін Open Air сияқты концерттер өтпейді. Есесіне, ашық аспан астындағы шағын концерттер мен спорттық сайыстар ұйымдастырылады. Мерекелік бағдарламаның айрықша ерекшілігі оның полиорталықтандырылуы және бұқаралық аудиторияға бағытталуы. Биылғы жылы іс-шаралардың басты алаңы қала шетіндегі 8 саябақ, парктер,  алаңдар, бульварлар және Есіл өзенінің жағалауы болмақ. Яғни, қаланың орталық бөлігіндегі жаппай кептелістен аулақ болуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге барынша шоғырлануға мүмкіндік бермек", - дейді қала әкімінің орынбасары.




Өзгелердің жаңалығы