Биыл еліміздің ЖОО-на 88 111 грант бөлінді – министр

13 Шілде 2022, 15:01
1598
Бөлісу:
Биыл еліміздің ЖОО-на 88 111 грант бөлінді – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. 

Жуырда тағайындалған министр ЖОО-ның түлектерді қабылдауға дайындығын кешенді тексеру барысында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне ат басын бұрды. 

Бүгіннен бастап Қазақстанның бүкіл өңірлерінде қабылдау комиссиясы құжат қабылдау науқанын бастады. Жергілікті жоғары оқу орындарының және ұлттық тестілеу орталығының өзінде құжаттар қабылдануда. Науқан бүкіл ЖОО негізінде ұйымдастырылған. Кез келген талапкер құжаттарын оқу ордасына барып немесе онлайн түрде тапсыруға мүмкіндік ұсынылып отыр. Zoom, Teams платформалары, телефон арқылы тапсырып, құжаттарын поштамен жолдауына болады, - деп атап өтті ведомство басшысы түлектерді кешенді қабылдау комиссиясының жұмысын тексеруден соң берген сұхбатында.

Айтуынша, 2022 оқу жылында гранттар бөлінісінде жылдағыдан өзгешелік бар. 

Биыл жалпы алғанда бакалавр мен магистратураны қоса алғанда 88 111 грант бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға көп. Олардың ішінде 73 мыңы бакалавриат мамандықтарына арналған, - деп атап өтті ведомство басшысы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі қабылдау комиссиясын тексеру барысында берген сұхбатында. Биылғы жылдың ерекшелігі – Президент тапсырмасына сәйкес басымдық техникалық-инженерлік мамандықтарға беріліп отыр. Яғни аталған бағытқа 60% грант бөлінді, - деді Саясат Нұрбек.  

Өзгелердің жаңалығы