Қазақстанның сәулет өнерінің тарихы осыдан 60 жыл бұрын басталды

1 Сәуір 2021, 11:46
1469
Бөлісу:
Қазақстанның сәулет өнерінің тарихы осыдан 60 жыл бұрын басталды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры Маргарита Имандосова онлайн брифинг барысында сәулет-құрылыс біліміндегі маңызды оқиғалар туралы айтты. 

Халықаралық білім беру корпорациясыАлматыдағы Қазақ бас сәулет құрылыс академиясы мен Қазақ-Американ университетінің бірлестігінде құрылған. Оның ішінде ҚазБСҚА-ның өзіндік тарихы бар, елімізге сәулет, құрылыс мамандарын даярлау саласында еңселі оқу орны. 

Имандосованың айтуынша, қазіргі таңда Халықаралық білім беру корпорациясы ҚазБСҚА қабырғасында қаланған оқу үрдісін сақтай отырып, оны жетілдіруге, бүгінгі өндірістік сұраныс бойынша мамандар дайындау үшін заманауи өзгерістерді енгізуде. 

Биыл еліміздегі сәулет білім орнының 60 жылдығы. Бұл бағытта түрлі іс-шаралар өтеді. Оған қоса Еуразиядағы сәулет, құрылыс және дизайнерлік мектептерінің Х халықаралық фестивалін өткіземіз, - дейді ректор. 
ҚазБСҚА «Сәулет» факультетінің академиялық профессоры Гүлнар Әбдірасылова аталған оқу орыннна елімізге танымал көптеген сәулетші шыққанын айтты. 

Қазақстанның сәулет өнерінің тарихы осыдан 60 жыл бұрын басталды. Елімізде сәулет құрылысы бойынша білім алу 1961 жылы басталды. 1966 жылы алғашқы18 түлек түлеп ұшты, оның барлығы елімізге танымал сәулетшілер болды. Бүгінде біздің факультет 4 бағдарлама бойынша сәулетшілерді дайындап жатыр. 60 жыл ішінде мыңдаған сәулетші білім алды, - дейді ол. 
ҚазБСҚА «Жалпы құрылыс» факультетінің академиялық профессоры Ерік Бесімбаев халықаралық Еуразиялық сәулет, құрылыс және дизайнерлік мектептерінің биылғы байқауы онлайн форматта өтетінін айтады. 
Оқу орында 2009 жылдан бері халықаралық Еуразиялық сәулет, құрылыс және дизайнерлік мектептерінің байқауын өткізуде. Онда сәулет және құрылыс саласын дамыту, тәжірибе алмасу, диалог алаңын құру идеясы іске асады. Осы жылдар арасында Фестивалдің қамту аймағы кеңейіп, Өзбекстанда өткен соңғы ІХ фестивальге 18 елден 89 жоғары оқу орны қатысты. Фестиваль жыл сайын сәулет және құрылыс саласы бойынша мамандар дайындайтын елдерде өткізіліп келеді, - дейді профессор.
Еуразиялық сәулет, құрылыс және дизайнерлік мектептерінің Х фестивалі сәуірдің 15-16 күндері онлайн форматта өтеді.
Өзгелердің жаңалығы