Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Биыл елімізде студенттерге арналған мүфтият жатақханалары ашылады

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
26 Қаңтар 2023, 12:29
1518
Бөлісу:

Биыл елімізде студенттерге арналған мүфтият жатақханалары ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгін елордада өткен төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты.

Медресе-колледждердің оқу бағдарламасына факультатив дәріс ретінде «Алаштану», «Тұлғатану» пәнін енгізу туралы бастама көтеріп отырмыз. Мақсатымыз – болашақ дін мамандарын ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, қоғамшыл, мемлекетшіл болуға баулу.Алла қаласа, республикалық маңызы бар 3 қаладан, сонымен қатар барлық облыс орталығынан қайырымдылық негізінде студенттерге арналған мүфтият жатақханаларын ашсақ деген жоспарымыз бар, - деп айтты Бас мүфти жиында.

Сонымен қатар ҚМДБ былтыр бес томдық «Ислам энциклопедиясы» ғылыми жобасын әзірлеуді қолға алған.  

Енді бүгінгі таңда осы жобаға 70-ке жуық дін, тарих, әдебиет саласының мамандары, ұстаздар мен ғалымдар атсалысып жатыр. Биыл «Ислам энциклопедиясының» І, ІІ, ІІІ томдарын жарыққа шығаруды жоспарлап отырмыз, - деп түсіндірді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Онымен қоса Бейбарыс сұлтан бабамыздың 800 жылдық мерейтойына орай Нұр-Мүбарак университетінде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Бұл – осы жылы қолға алған игі бастамаларымыздың бір парасы.  

Өзгелердің жаңалығы