Биыл елімізде «Google салығы» енгізіледі

2 Қаңтар 2022, 12:19
1358
Бөлісу:
Биыл елімізде «Google салығы» енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Google, Facebook, Netflix секілді шетелдік интернет-компаниялар 2022 жылдан бастап Қазақстан Үкіметіне салық төлей бастайды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі айтты.

Бұл «Google салығы» деп аталады. Яғни қызмет пен тауарын онлайн платформа арқылы сататын барлық шетелдік компания Қазақстан бюджетіне қосымша құн салығын төлеуге міндеттеледі. ҚҚС мөлшерлемесі сатылған тауар­лар мен қызметтер сомасының 12 пайы­зын құрайды. Министрліктің есептеуінше, жаңа салықтан ел қазынасына жыл сайын 2 млрд теңге түсуге тиіс.

Өзгелердің жаңалығы