Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мәлім етті.
Оның айтуынша, Ұлттық жоба аясында отандық энергетика және мұнай-газ-химия саласына үлкен мән берілген.
Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы аясында энергетика және мұнай-газ-химия салаларына үлкен мән берілген. Осы жылдың қорытындысы бойынша елде мұнай өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны құрайды. Саланы одан әрі дамыту үшін қазіргі кезде Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. Алдағы уақытта Қаламқас теңіз және Хазар теңіз жобаларын игеру жоспарланған. Бұл жобалардың жалпы құны 51 млрд доллардан асады, - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.
Сонымен қатар Премьер-министр елді газдандыру бойынша жұмыстың қарқынды жүріп жатқанын айтты.
Биыл шамамен 52 млрд теңгеге 140-тан астам жоба іске асырылды, 1,8 мың шақырымға жуық газ желісі тартылды. Осыған орай қазіргі уақытта халықтың газбен қамтамасыз етілуі 10 млн адамнан асады. Бұл жұмыс жалғасады. Мұнай-газ өндірісін дамыту экономиканы жаңғыртудың маңызды бағыттарының бірі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша мұнай-газ химиясы өнімін өндіру көлемі 190 мың тоннаны құрады, - дейді Мамин.