Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Биыл елімізде 14 млн тонна мұнай өнімі өндірілді

Бүгiн, 10:03
119
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Осы жылдың қаңтар-қараша айларында мұнай өнімдерінің өндірісі 14 млн тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,5%-ды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол мұнай өнімдерін өндірудің жоспарлы көлемі 14,5 млн тоннаны немесе 2024 жылғы фактіге 100%-ды құрайтынын атап өтті.

Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 567,6 мың тонна немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 112,2% болды. 2025 жылғы жоспар – 590 мың тонна немесе 2024 жылдың фактісіне 109,3%-ды құрайды.

Есепті кезеңде 111,4 млрд кВтсағат электр энергиясы өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,4%. Осы жылдың жоспары – 117,9 млрд кВтсағат. 11 айда жаңартылатын энергия көздері объектілерінен электр энергиясын өндіру 7,3 млрд кВтсағат немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 104,2%-ды құрады, – деп толықтырды Сұңғат Есімханов.

Өзгелердің жаңалығы