Биыл елде шетелдік студенттер саны артуы мүмкін – министрлік болжамы

13 Шілде 2022, 16:52
1203
Бөлісу:
Биыл елде шетелдік студенттер саны артуы мүмкін – министрлік болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Айтуынша, биыл шетелден елімізге студенттер көптеп келуі мүмкін. 

Біз білім беру мүмкіндігін іздеп елге қайта оралатын Қазақстан азаматтары мен өзге мемлекеттердің азаматтарының ағыны көп болуы мүмкін деп болжап отырмыз. Бұл ең бірінші кезекте Ресей 11 сәуірден бастап Болон процесі ұйымынан мүшеліктен шығуымен байланысты. Айта кетерлігі, 1 шілдеден бастап біздің мемлекет керісінше, Болон процесінің тең төрағасы болып таңдалды. Сол үшін осындай болжам жасауға негіз бар. Дегенмен, әзірге ағылып келіп жатқан студенттерді байқамадық, бірақ дайындықты бастаймыз, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар министр ресейлік дипломдары бар қазақстандық түлектерге қатысты проблема болмайды деп отыр. ЕАЭО пен Қазақстан және Ресей арасындағы екіжақты келісім аясында бұл мәселелер әлдеқайда реттелген. 

Ал Болон процесінен тыс қосымша екіжақты келісімдердің саны көп. Сондықтан ЕАЭО-тан тыс ресейлік дипломдарды мойындауға қатысты қатты үлкен проблема бар деп айта алмаймын, - деді Саясат Нұрбек. 

Өзгелердің жаңалығы