Биыл ел кәсіпорындарында 1000-ға жуық адам зардап шекті

21 Қазан 2022, 13:23
924
Бөлісу:
Биыл ел кәсіпорындарында 1000-ға жуық адам зардап шекті

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Биылғы жылдың тоғыз айында еліміздің кәсіпорындарында 999 адам зардап шекті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 5,8%-ға төмен, оның ішінде 134 адам қаза тапты, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 4,3%-ға төмен, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов.  

Спикердің айтуынша, жазатайым оқиғаларға әкеп соққан негізгі себептер жәбірленушінің өрескел абайсыздығы (34,9%); жұмыс өндірісін дұрыс ұйымдастырмау (28,3%); еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын бұзу (7,1%); автожол жүрісі қағидаларын бұзу (9,1%) болған.

Сондай-ақ ол жұмыс беруші жұмысшылардың барлығын міндетті түрде қайғылы жағдайлардан сақтандыратынын жеткізді. Бірақ комитет төрағасы жазатайым оқиғаға тап болған жағдайда жәрдемақы көлемі қандай екенін нақты айта алмады. Ол айлыққа байланысты әркімге әрқалай төленетінін айтты.    

Бүгін 8 cақтандыру қорымен айналысатын мекеме бар. Олардың барлығының коэффициенттері мен тарифтері бар. Жұмыс беруші өз жұмысшыларын сақтандырған кезде оның айлығы онға көбейтілген ең төменгі жалақы мөлшерінен көп болмауы керек. Яғни қазір 60 мың теңге болатын болса, 600 мың теңгеден аспау керек. 600 мың теңгеден артық болса, оның қалған айлығын сақтандыру қоры емес, жұмыс беруші төлейді, - деді спикер.     

Өзгелердің жаңалығы