Биыл директорларды ротациялау жалғаса ма? - Министр жауап берді

12 Қаңтар 2023, 12:25
1336
Бөлісу:
Биыл директорларды ротациялау жалғаса ма? - Министр жауап берді

Биыл да директорларды ротациялау жалғаса ма? Бұл сұраққа Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Директорлардың ротациясы білім ұйымдарындағы басшылардың бір орында ұзақ уақыт отыруына қатысты қоғам тарапынан сұранысқа байланысты қолға алынған болатын. Жалпы мықты мектептерден басқа оқу ордаларына барып, үлес қосуда жүйе нәтиже беріп жатыр. Бұл бойынша ротацияның қаншалықты тиімді екенін өңірлерден сұрастырдым, - деп айтты Ғани Бейсембаев кеңейтілген алқа отырысынан кейін журналистерге берген сұқбатында.

Сөзінше, егер нәтиже осылай дәлелденетін болса, бұл үрдіс міндетті түрде жалғасын табады.

Бұған дейін былтырдан бастап білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау тәжірибесі енгізілгенін хабарлаған болатынбыз. Бүгінгі таңда 961 (81,5%) басшы ротацияланды. Оның ішінде 514 мектеп директоры және 447 балабақша директоры.

Өзгелердің жаңалығы