Биыл Қазақстанда UFC турнирі өтеді

24 Қаңтар 2020, 19:10
1393
Бөлісу:
Биыл Қазақстанда UFC турнирі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл жазда елімізде аралас жекпе-жектен ең беделді ұйым UFC-дің турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

2020 жылдың жаз айларында Нұр-Сұлтан қаласында UFC ұйымы Fight Night турнирін өткізеді. Әзірге нақты қай жерде және қашан өтетіні белгісіз. 

Айта кетейік, UFC-мен Қазақстанның бір ғана спортшысының келісімшарты бар. Ол - Шавкат Рахманов. Жақын уақытта FNG чемпионы Жалғас Жұмағұлов та аталмыш ұйымға ауысады деген ақпарат бар.

Өзгелердің жаңалығы