Биыл "Ауыл аманаты" бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінеді

27 Наурыз 2024, 15:27
584
Бөлісу:
Биыл "Ауыл аманаты" бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінеді
Фото: Арман Мухатов - архив

Ауыл шаруашылғы вице-министрі Ербол Тасжүреков биыл "Ауыл аманаты" жобасына қанша қаржы бөлінетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпы, шағын несиелеу бағдарламасы ауыл тұрғындары тарапынан негізінен мал шаруашылығын дамытуға қызығушылық танытқандығын көрсетті. Мәселен, мал шаруашылығы саласына берілген микрокредиттердің жалпы көлемінен 79% (65,1 млрд теңге), өсімдік шаруашылығына 4,1% (3,4 млрд теңге) және ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес түрлеріне – 16,9% (13,9 млрд теңге) бағытталды, - деді спикер орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Тасжүреков "Ауыл аманты" бағдарламасын іске асыруға 2024 жылы 100 млрд теңге бөлу жоспарланып отырғанын айтты.

Қаражат жетіспеген жағдайда облыс әкімдіктерінің жергілікті бюджет қаражатынан шағын несиелеуге қосымша қаражат бөлу мүмкіндігі бар, бұл "Ауыл Аманаты" бағдарламасы шеңберінде ауыл мен шағын қалалардың тұрғындарын кредиттеумен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді Ербол Тасжүреков.

Өзгелердің жаңалығы