Биыл Атырауда 28 адам суға батып кетті

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті​ азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Бақыт Аблановтың мәліметінше, су айдындарында қаупі басым 70 учаске бар.&nbsp;<br> </p>

 19 Қыркүйек 2021 2021, 07:14
19 Қыркүйек 2021 2021, 07:14
4258

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті​ азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Бақыт Аблановтың мәліметінше, су айдындарында қаупі басым 70 учаске бар. 

Су айдындарынан балық аулауға барушылар, жағалауда демалушылар арасында суға кету деректері азаймай отыр. Өйткені, тұрғындар арнайы жабдықталмаған орындарда шомылады. Мәселен, Махамбет ауданында – 19, Атырау қаласының аумағында – 17, Қызылқоғада – 15, Индерде – 10, Жылыойда – 7, Құрманғазы ауданында 2 қауіпті учаске орналасқан. Биылғы шомылу маусымында қауіпті учаскелерде 28 адам суға батып кетті. Оның ішінде 10 бала бар, -дейді Бақыт Абланов.


Наверх