Қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуінде Саин мен Мөңке би көшесін ұзарту қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
2024 жылы Солтүстік айналма көшесінен Саин көшесіне дейінгі ҮАК бойындағы қала мен көшенің 5 шағын ауданында жалпы ұзындығы 75 км жолдарды орташа жөндеу жоспарланған.
2024 жылдың қыркүйегіне дейін Саин көшесін ұзарту аяқталады, жылдың соңына қарай Мөңке би көшесіндегі жолайрығының құрылысы аяқталады. Нәтижесінде қаланың негізгі магистральдық көшелерінен, оның ішінде Рысқұлов даңғылынан, Саин және Момышұлы көшелерінен, сондай-ақ аудандық маңызы бар көшелерден көлік жүктемесі айтарлықтай азаяды,- дейді Ерболат Досаев.