Биыл Алматыда су тарифтері көтерілмейді

7 Ақпан 2020, 13:10
1521
Бөлісу:
Биыл Алматыда су тарифтері көтерілмейді
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда су тарифтері 2014 жылдан бері көтерілген жоқ. Өзге өңірлермен салыстырғанда Алматыда су тарифтері арзан. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Болат Сәмбетов брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, 2019 жылдың қаңтарынан бастап су мен кәріз су тарифтері 10% төмендеген.
Бұған біз шығындарды қысқарта отырып қол жеткіздік. Өткен жылы "Алматы Су" МКК жұмысшылардың жалақысын көтеру мақсатында 2020-2024 жылдарға су тарифін көтеру өтінішімен шықты. Аталған өтінішті қарау барысында департамент халық үшін су тарифін 4% төмендетті, ал кәріз су тарифі бұрынғы жағдаймен қалды. Су тарифтері алдағы 2025 жылға дейін өзгертілмейді. Ал жұмысшылардың жалақысын әр жыл сайын инфляцияның мөлшерінде көбейттік, - дейді департамент басшысы.
суууу.jpg

Оның айтуынша, қазір қаладағы суық су тарифі – 42,8 теңге, кәріз суы – 23, 13 теңге, жылу бағасы – 3365 теңге, газ – 26,5 теңге, энергия – 17,2 теңге.
Қазір жұртшылық су мөлшерін есептейтін құралдарды орнатып жатыр. Бұл дұрыс, ол артық ақша төлемеудің алдын алады. Керісінше жалпылама төлейтіндердің шығыны артып отыр. Сол үшін есептеу құралдарын орнатқан жөн, - дейді ол.
Сонымен қатар, ол биылдан бастап электр энергиясы 4,6% көтерілгенін жеткізді.
2019 жылы "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС тарифті өзгерту өтінішімен шықты, нәтижесінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтер 4,6% көтерілді, яғни кВтс 16,36 теңгеден кВтс 17,12 болды. Тарифтің өсуіне электрмен қамтамасыз етудегі сырттан алатын қызмет түрлерінің көтерілуі ықпал етіп отыр, - дейді Болат Сәмбетов.

Сонымен қатар, ол монополистер бағаны себепсіз көтерсе оған үлкен көлемде айыппұл салынатынын жеткізді.





Өзгелердің жаңалығы