Биыл Алматыда мемлекеттік мектепке дейінгі төрт ұйым ашылды

21 Желтоқсан 2020, 11:46
2330
Бөлісу:
Биыл Алматыда мемлекеттік мектепке дейінгі төрт ұйым ашылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқарма басшысының орынбасары Айсұлу Ботаева онлайн брифинг барысында айтты.

Жиын барысында мектепке дейінгі білім берумен қамтуды арттыру және интернаттық мекемелердің жұмысы бойынша қабылданатын шаралар туралы айтылды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арналған Жолдауында 2025 жылға дейін алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 100% құрауы керектігін айтқан. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін Алматы қаласында көптеген жұмыс жүргізілуде. 

Алматыда 65 080 бала контингенті бар 824 мектепке дейінгі ұйым бар, оның ішінде мемлекеттік балабақшалар - 189, жекеменшік балабақшалар - 399, шағын орталықтар - 236. Биыл бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 63,5% құрады, үш жастан алты жасқа дейінгі балалармен қамту 89,4%. 2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіштер сәйкесінше 63%, 87,1% болған, - дейді Айсұлу Ботаева.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Алматыда 1751 орынға арналған отыз бір жеке мектепке дейінгі ұйым бар. Мемлекеттік білім беру тапсырысы 20 441 орындық 397 жекеменшік балабақшаға орналастырылған. 2020 жылы бір балаға мемлекеттік тапсырыс мөлшері 28 350 теңгені, ата-ана төлемі 18 900 теңгені құрайды.

Қалада Balabaqsha.open-almaty.kz электронды жүйесін қолданумен қатар, 2020 жылдан бастап санаторлық-курорттық және мектепке дейінгі түзету ұйымдарына жолдама белгілеу және беру процесі автоматтандырылған, яғни тәрбиеленушілердің электрондық кестесі жүргізілуде, бұл мемлекеттік білім беру тапсырысын жүзеге асырудағы заң бұзушылықтардың алдын алатын көрінеді. 

Орындардың жетіспеушілігін азайту үшін 2020 жылы төрт мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым ашылды. Атап айтар болсақ Алатау ауданында 120 орындық бір балабақша, Алмалы ауданында 120 орындық бір балабақша, Түрксіб ауданында 280 орындық бір балабақша, Бостандық ауданында «Bi group» АҚ жеке инвесторын тартуымен 150 орындық балабақша ашылды. 2021 жылы Бостандық ауданында №21 мектеп аумағында 120 орындық балабақша ашылады. 520 орынға арналған тағы үш мемлекеттік балабақшаның құрылысы жүріп жатыр, бір мың үш жүз жетпіс сегіз орындық қырық сегіз жеке мектепке дейінгі ұйымдар ашылды. Барлығы 2048 орынға арналған елу екі мектепке дейінгі ұйым, - дейді ол.
Өзгелердің жаңалығы