Биыл Алматыда 2 мыңнан астам интернет-алаяқтық жағдайы тіркелген

20 Қазан 2021, 15:24
2730
Бөлісу:
Биыл Алматыда 2 мыңнан астам интернет-алаяқтық жағдайы тіркелген

Алматы, BAQ.KZ. Жеңіл ақша табуды көздейтін алаяқтар халықты интернет арқылы тонауға көшкен. Алматы полициясы оның алдын алу үшін арнайы топ құрды.

Алматы ПД-ті интернеттегі алаяқтыққа қарсы күресті күшейту мақсатында танымал интернет-ресурстарының қауіпсіздік қызметтері басшыларымен және төлем компаниялары, екінші деңгейлі банктердің өкілдерімен кездесулер өткізгендерін мәлімдеді.

Департаментте ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Сондай-ақ, алаяқтық жарнамасы бар сайттар анықталуда, олар «Кибербақылау» жүйесі арқылы бұғаттау үшін ІІМ жіберіледі. 

 Жыл басынан бері барлығы 457 сайт бұғатталған. Біз қоғамды ғаламтор арқылы алаяқтық жасау және алдын алу жолдары туралы үнемі хабардар етіп отырамыз, - дейді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.


Өзгелердің жаңалығы