Биыл алғаш рет Амангелді Сейітхан атындағы «Тұмар» сыйлығы беріледі

30 Маусым 2023, 11:20
724
Бөлісу:
Биыл алғаш рет Амангелді Сейітхан атындағы «Тұмар» сыйлығы беріледі

Биыл «Тұмар» телевизиялық бәйгесінде спорт тілшілері тұңғыш рет арнайы марапатқа ие болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «QazSport» арнасының он жылдығына арналған салтанатты жиында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлімдеді. Арнайы марапат белгілі спорт комментаторы, ақын-журналист Амангелді Сейітханның есімімен аталады. 

Сондай-ақ салтанатты іс-шарада «QazSport» арнасының 10 жылдағы жетістіктеріне шолу жасалды. Жаһандық деңгейдегі дүбірлі додалар, футболдан Әлем және Еуропа чемпионаттары мен республикалық жарыстардың 70 пайызы тікелей эфирде көрсетіліп келеді.

Өзгелердің жаңалығы