Биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 19,1%-ға қымбаттады

9 Қыркүйек 2022, 03:32
950
Бөлісу:
Биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 19,1%-ға қымбаттады

Өткен аптада және ай басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,1%-ға өскен.

Жылдық мәнде олар 19,4%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,6 пайыздық тармаққа жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ статистика бюросына сілтеме жасап.

Өткен аптада пияз – 14,1%-ға, сәбіз – 4,3%-ға, картоп – 3,4%-ға арзандаған. Ал І категория жұмыртқасы – 2,4%-ға, сүзбе – 2,2%-ға, 2,5 пайыздық сүт 1,6%-ға қымбаттаған.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың 6 қыркүйектегі орташа бағасы:

Ұн, І сұрып – 229 тг/кг,
Сүзбе – 1797 тг/кг,
Басты пияз – 134 тг/кг.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

Өзгелердің жаңалығы