Биыл Ақсу ауданында 3315 гектарға қант қызылшасы себілмек

4 Ақпан 2021, 21:37
1847
Бөлісу:
Биыл Ақсу ауданында 3315 гектарға қант қызылшасы себілмек

Алматы, BAQ.KZ . Алматы облысы Ақсу ауданында қант қызылшасына ерекше назар аударылып, жыл өткен сайын егістік алқаптары ұлғайып келеді.  Бұл туралы Ақсу ауданы әкімдігінің  баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы жылы ауданда қант қызылшасын қабылдау бағасы біршама өскен. Өткен жылы 1 тонна қант қызылшасының құны 18000 теңге болса, биыл 22000 теңгені құраған. Өткен жылы мемлекет тарапынан 10000 теңге субсидия берілсе, биыл 12000 теңгені құрамақ. «Ақсу қант» зауыты тарапынан бұрын 8000 теңге берілсе, енді 10000 теңгеге жеткен. 

Өткен жылы ауданда 3167 гектар қант қызылшасы егіліп, 2 927 га қант қызылшасы дақылынан 87 600 тонна өнім жиналып, орташа өнімділігі 337,5 ц/га құрады. Суару маусымында өзен суларының күрт төмендеуіне байланысты су тапшылығы орын алып, жоғары өнім алуға кері әсерін тигізді. 2021 жылға 3315 гектар қант қызылшасын себу жоспарланып, тұқымға сұраныстар берілуде. Бүгінгі күнге  шетелдік тұқымға 666 себу бірлігі, 1350 келі  отандық тұқымға сұраныстар берілді, шет елдік 1260 себу бірлігі тұқымы  шаруа қожалықтарының өзінде бар, - делінген хабарламада.

2021 жылы ауданда 61 399 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын себу жоспарланып, егістік көлемі  382 гектарға ұлғайған. Алдағы егіс науқанына  3 315 гектар қант қызылшасын себу жоспарланып, ол үшін 3000 гектар терең сүдігер дайындалыпты.

Ауданда қант қызылшасын өсірумен айналысатын 6 сервистік дайындау орталықтары  жұмыс істейді, қосымша 1 сервистік дайындау орталығын құруға сұраныс берілді. «Ақсу қант» зауыты 2017 жылы қайта түлеп, іске қосылған болатын. Қайт іске қосылған соң жұмыс жасау қарқыны жыл өткен сайын ұлғайып, артып келеді. Алып кәсіпорынның өндіретін өнім сапасы, жаңа технологиялардың арқасында сапасы артып, оң нәтижеге қарай қадам басуда. Биылғы жылы қызылша жомы жаңа технологиялар көмегімен тығыздалып, брекеттелген түрде шығарылды. Бұл өнім аудан тұрғындарымен, алыс жақын аудандарға мал азығы ретінде қол жетімді бағада сатылды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы