2023 жылы агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға 500 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фермерлерге 14 бағыт бойынша қолдау көрсетіліп келеді. Барлық қызмет мемлекеттік ақпараттық жүйеде көрсетіледі. Қазіргі таңда Gosagro.kz жүйесінде 90 мың пайдаланушы тіркелген.
2023 жылы субсидиялауға 500 млрд теңгеге жуық бөлінді: мал шаруашылығы бойынша – 115,9 млрд теңге; өсімдік шаруашылығы және қаржы құралдары бойынша – 318,1 млрд теңге. Сондай-ақ егін және мал шаруашылығын қолдауға үкімет резервінен тағы 60 млрд теңге бөлінді, - деп жазылған хабарламада.
Пайдаланушылардың көбеюі мемлекеттік ақпараттық жүйеде енгізілген "күту парағы" механизміне байланысты. Фермерге енді тиісті бюджетті күтудің қажеті жоқ, ол өзіне ыңғайлы кез-келген уақытта өтініш береді. Мақұлданғаннан кейін өтінім "Күту парағына" түсіп, одан әрі төлем жасалады.
Фермерлер арасында ең сұранысқа ие бағыттар:
мал шаруашылығын субсидиялау (қаржыландыру көлемі – 115 млрд теңге);
пестицидтерді субсидиялау (32 млрд теңге);
тыңайтқыштарды субсидиялау (33 млрд теңге);
инвестициялық субсидиялар (110 млрд теңге);
тұқымдарды субсидиялау (11 млрд теңге);
өнімді қайта өңдеуді субсидиялау (20 млрд теңге);
пайыздық мөлшерлемені субсидиялау (83 млрд теңгеден астам).
Бүгінгі таңда 307 877 өтінім түсті және жалпы құны 401 млрд теңгенің субсидиясы мақұлданды.
Мемлекеттік қолдау шараларынан сұраныс аз субсидияларды алып тастау және қаражатты сұраныс жоғары қызметтерге қайта бөлу жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі күні ең тиімсіз 10 субсидия төлқұжаттары алынып тасталды (күн батареялары, бұқаларды жалға алу және т.б.).
Бұдан басқа, 2023 жылы фермерлер үшін арзандатылған дизель отынын бөлу процесі толығымен автоматтандырылды. Оның көлемі жер көлемі мен ауыспалы егісті ескере отырып автоматты түрде есептеледі.