Биыл Ақтөбеде жастарға мың пәтер берілді

26 Қаңтар 2019, 16:48
2358
Бөлісу:
Биыл Ақтөбеде жастарға мың пәтер берілді

Астана, BAQ.KZ. Ақтөбеде Жастар жылы атқарылатын істер пысықталды. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев бірқатар тапсырма берді. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінде өңір басшысы жастармен кездесті. Жиында алдағы істер нақтыланды.

«Жастарды баспанамен қамтамасыз ету тапсырмасы берілді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бойынша 30 мыңға жуық жас баспана кезегінде тұр. Жастар басқармасы жаңа жобаны қолға алды. Біз кем дегенде 150 пәтер береміз. Жұмыс әрі қарай жалғасады. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында жастарға мың пәтер беріледі», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Жастармен кездесуде жұмыспен қамту мәселесі де қозғалды. Биыл кем дегенде 10 мың жас жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Бұл бағытқа қосымша 100 миллион теңге беріледі. «Жасыл ел» бағдарламасы аясында атқарылатын іс артып, жасақтың саны 6 мыңға жетпек. Олар үшін де бюджеттен 100 миллион теңге бөлінеді.

«Жастар бір қапты ұстап, таңертеңнен кешке дейін жүрмеуі тиіс. Жастар өз жұмысынан ләззат алуы керек. Жақсы маман боламын, жақсы іс тындырамын деп ойлауы керек», - деді облыс әкімі.

Өзгелердің жаңалығы