Биыл 9 айда ел экономикасы 2,8%-ға өсті - Ұлттық экономика министрі

11 Қазан 2022, 10:24
1228
Бөлісу:
Биыл 9 айда ел экономикасы 2,8%-ға өсті - Ұлттық экономика министрі

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Биылғы жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында ел экономикасының өсуі 2,8%-ды құрады. Оның ішінде, нақты сектордағы өсім 3,1%-ды, ал қызмет көрсету саласында– 1,9%-ды құрады. Оң өсу қарқыны ауыл шаруашылығы, ақпарат және байланыс, құрылыс, көлік және қоймалау, өңдеу өнеркәсібісауда, және тау-кен өндіру өнеркәсібі салаларында тіркелуде, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 7%-ға дейін жеделдеуі байқалуда. 

Инвестициялар ағынының өсімі білім беруде – 45,7%-ға, саудада – 23,3%-ға, құрылыста – 22,9%-ға, жылжымайтын  мүлікпен операциялар бойынша– 17,5%-ға, тау-кенөндіру  өнеркәсібінде – 10,7%-ға, көлік және қоймалау бойынша – 9,2%-ға, ауыл шаруашылығында – 7,5%-ға ұлғайды. Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім ҚызылордаАлматы және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында байқалып отыр, - деді Ұлттық экономика министрі. 

Сондай-ақ министр 9 ай ішінде өндіріс көлемінің де біршама артқанын алға тартты. Еліміздің 16 өңірінде көрсеткіш көңіл қуантарлық деңгейге жеткен. Әсіресе Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында, Алматы қаласында артқанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы