Биыл 5G интернеті қай қалаларда қосылады?

25 Сәуір 2023, 10:34
917
Бөлісу:
Биыл 5G интернеті қай қалаларда қосылады?
Фото: news.finance.ua/ru

Биыл Астана, Алматы және Шымкент қалаларына 5G интернет желісі қосылады. Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында ұялы байланыстын жаңа буыны 5G енгізу мен дамытуды жоспарлап отырмыз. 2027 жылға қарай әрбір республикалық маңызы бар қаланы қамту 75 пайызға, ал облыс орталықтарын қамту 60 пайызға жеткізілмек. 5G Интернетке жоғары жылдамдықпен қол жеткізуді қамтамасыз етеді, бұл цифрлық экономиканың дамуын жеделдетуге және заманауи технологиялық компаниялардың жұмыс жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді, - деді Бағдат Мусин.

Сондай-ақ министр желісті салу арқылы қалалардағы 170 мыңнан астам үй шаруашылығын интернет желісіне жоғары жылдамдықпен қолжетімділікпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы