Биыл 50 спорт нысаны пайдалануға беріледі – Алматы

1 Мамыр 2021, 23:12
1602
Бөлісу:
Биыл 50 спорт нысаны пайдалануға беріледі – Алматы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 2023 жылға қарай 200-ге жуық дене шынықтыру-сауықтыру орталығы ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл оның 50-і пайдалануға беріледі. Жаттығулар мен сабақ тегін өткізіледі. Осы арқылы мегополисте салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру көзделіп отыр. Алматы нағыз спорт астанасына айналады. Жергілікті билік шаһардың «2050 даму стратегиясы» мен «Шексіз қала» қағидасын ұстана отырып, бұқаралық спортты дамытуға басты назар аударатын болады.

Балалар кішкентайынан спортпен айналысу үшін біз оларға алдымен жағдай жасауымыз қажет. Барлығы бірдей қаланың әр жерінде орналасқан орталықтарға бара алмайтыны анық. Сондықтан шағын дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуды қолға алдық. Ондай орталықтар жыл бойы тегін қызмет көрсететін болады, – дейді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Иә, мұндай нысандар үлкен-кішіге бірдей жыл бойы спортпен айналысуға айналысуға мүмкіндік береді. Мұндай 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені қаланың шет аймақтарынан салынады.
Бұл спорт нысандары бәріне қолжетімді болады. Яғни, тұрғын үйлердің маңында орналасады. Оған кем дегенде 15-20 минутта жетеді. Оқу-жаттығуларын жүргізуге спорт мектептерінің мамандары да тартылады, – деді қалалық спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов.
Мегополисте спорт кешендерімен қоса, екі теннис орталығы салынады. Оның біреуі 14 кортқа арналған. Сондай-ақ үстел теннисі орталығы мен Азия күрес академиясын ашу жоспарда бар.


Өзгелердің жаңалығы