Биыл 5 мыңнан астам есірткі қылмысы тіркелген – Әмірханов

13 Қыркүйек 2021, 11:23
5243
Бөлісу:
Биыл 5 мыңнан астам есірткі қылмысы тіркелген – Әмірханов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы есірткі қылмысына қарсы күрес және «Дәрмек» жедел алдын алу шарасының нәтижелері туралы өткен брифингте ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов айтты.

Биыл ішкі істер органдарының қызметкерлері 5300-ге жуық есірткі қылмысын анықтады,оның ішінде 1661 қылмыс, 991-і аса ірі көлемде есірткіні өткізу және 270-і сақтау дерегі бар. 12,5 тонна есірткінің түрлері алынды, оның ішінде 4 кг астам героин, 129 кг синтетика, 371 келі гашиш және 8,7 тонна марихуана бар, - деді Әмірханов.

Ол атағандай, 24 тамызда Жамбыл облысында жедел ақпаратты іске асыру кезінде Шу ауданының балық аулау аймағында Жамбыл облысы Байзақ ауданының 49 жастағы тұрғыны жалпы салмағы 928 келі каннабис өсімдігін дайындау кезінде ұсталды.

7 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі анықталып, олардың басшылары мен қатысушыларына қатысты 13 қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық жауапкершілікке қылмыстық топтардың 7 көшбасшысы мен 34 қатысушысы тартылады. Есірткі контрабандасының 81 фактісі анықталды, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы