Биыл 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады

28 Ақпан 2023, 16:17
1062
Бөлісу:
Биыл 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады
Фото: Егемен Қазақстан

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Еліміздегі 17 облыстың 15-інде жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаю үшін жайылым тапшылығы орын алып отыр. Әсіресе Түркістан, Қызылорда, Алматы және Атырау облыстары тапшылықты сезінуде. Өткен жылы мемлекетке 5,35 млн гектар пайдаланылмаған және заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды. Бұл ретте, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін жер пайдаланушылары 2 млн гектар алаңда өз учаскелерін игеруге кірісті. Ғарыштық мониторинг деректері бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға тағы 12,9 млн гектар пайдаланылмай жатқан және 8,1 млн гектар ұтымсыз пайдаланылған алқаптар анықталды, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Сондай-ақ вице-министр биыл тағы қанша көлемдегі жер мемлекетке қайтарылатынына тоқталды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл жыл соңына дейін тағы 5 млн гектар жерді мемлекеттік меншікке қайтаруды жоспарлап отыр. jerkarta.gharysh.kz интерактивті картасы әкімдікке ауыл шаруашылығы жерлеріне өтініш беру үшін бағдарға айналды. Сондай-ақ ол жер учаскелерімен махинациялық процестерді болдырмауға мүмкіндік береді, - деді Бағлан Бекбауов. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, соңғы 10 жылда елімізде ірі қара малдың саны артты.

Өзгелердің жаңалығы