Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.
Биыл қаңтар-мамыр айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,6%-ға дейін өсті. Негізгі трендтер бойынша есепті кезеңде нақты сектордағы тұрақты серпін, қызмет көрсету секторындағы өсудің жеделдеуі, экспорт көлемінің жоғары өсу байқалуда. Нақты сектордағы өсім 4,8% болды. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,9%-ға дейін ұлғайды. Салалар арасында сауда, құрылыс, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс, өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өндіру өнеркәсібі, сумен жабдықтау, ауыл шаруашылығы оң өсім көрсетуде, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 2,5% болды.
Инвестициялар білім беруде – 71,7%-ға, мемлекеттік басқару; әлеуметтік қамсыздандыруда – 55,1%-ға,ғылыми және техникалық қызметте – 35,9%-ға, денсаулық сақтауда – 27,8%-ға, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 20,4%-ға, саудада – 13,9%-ға, құрылыс саласында – 10,7%-ға өсті. Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент және Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысында байқалды, - деді Ұлттық экономика министрі.